«ІІ Республикалық Шәкәрім оқулары» облыстық байқауы өтті.
Бүгін Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырумен ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында «ІІ Республикалық Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға 27 өтінім қабылданып, қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасты.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталатын бірінші кезеңде байқау ережесіне сай ақынның 20 өлеңін жатқа айту берілген болатын. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 10 қатысушы екінші «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңіне өтіп, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға электронды ұяшықтар көмегімен жауап берді.
Байқауға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым, ақын, жазушы Айдын Кәлімхан, ақын, Егемен Қазақстан газетінің Жетісу о...
|